Жаңалықтар

Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 23.07.2023 20:48 520

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.

А. Недовесов пен Г. Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, А. Недовесов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға