Александр Бубликтің Доха турниріндегі екінші кездесуі сенсациямен аяқталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дохада өтіп жатқан Tickets Qatar ExxonMobil Open 250 жекелей турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз кортта аустралиялық теннисші Алексей Попыринмен (әлемнің 46-шы ракеткасы) кездесіп, екі сетте 4:6, 4:6 жалпы есебімен жеңілді. Ойын турнирдің ширек финалдық кезеңінде өтіп, 1 сағат 17 минутқа созылды.
Матч барысында Александр Бублик екі рет қате жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қатарынан төрт ұпай жинап, екі гейм жасады.
Айта кетейік, аустралиялық теннисші Алексей Попырин жартылай финалда Эмиль Руусувуори (Финляндия) - Карен Хачанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Оқи отырыңыз:
