Жаңалықтар

Александр Бублик Майамидегі турнирдің екінші айналымына өтті

Александр Бублик Майамидегі турнирдің екінші айналымына өтті
Фото: ҚР ҰОК 20.03.2025 13:55 258

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Александр Бублик Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан рейтингтік турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде аргентиналық Себастьян Баэспен кездесті. Александр Бублик матч барысында 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Нәтижесінде 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Александр Бублик келесі кезеңде америкалық Томми Полмен өзара мықтыны анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға