Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалында сенсация жасады
![Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалында сенсация жасады Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалында сенсация жасады](/storage/storage/element/2024/03/04/mainphoto/92499/1200xauto_0IjVpw0W0ocWeglit0d4ofb3nPgoE0IpvGyZPVfm.jpg)
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 23-ші орында тұрған Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевті 6:7 (4), 7:6 (5) есебімен ұтты. Үшінші сетте қазақстандықтың пайдасына 6:5 есебімен Рублев саптағы төрешіге балағат сөздер айтқаны үшін жарыстан шеттетілді.
Қос теннисші кортта 2 сағат 31 минут ойын өткізді. Кездесу барысында Александр Бублик 21 эйс жасап, 6 қос қателік жасады. Ал Рублев 9 сервті 2 қос қатемен орындады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы финалға шықты. Бұл матчта Алексанрд Бублик Даниил Медведев (№4, Ресей) – Уго Гумберт (№18, Франция) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Оқи отырыңыз:
- Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр
- Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде топ жарды
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)