Александр Бублик Дубайда 22 эйс жасап, ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 28-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспормен сынға түсті.
Матчтың тартысты өткені соншалық, екі сет те тай-брейкпен аяқталды. Онда Бублик 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен басымдылық танытты.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 38-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечкамен кездеседі.
