Александр Бублик чемпион атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен шеберлік байқасты.
Франциялық спортшы жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп кеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.
Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Александр Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 6 эйспен ғана көзге түсті.
Осылайша, Александр Бублик ATP турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізді.
