Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
21.10.2023 23:18
666
Әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Александр Бублик финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 38-сатыдағы франциялық Артюр Фистің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді