Александр Бублик АТР 500 турнирінің финалына шықты
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
24.06.2023 20:33
893
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 48-ракеткасы) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнирде финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жартылай финалда Бублик жергілікті теннисші Александр Зверевпен кездесті (әлемнің 22-ракеткасы).
Қазақстандық екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:3, 7:5. Кездесу бір сағат 27 минутқа созылды.
Енді Бублик финалда Баутиста-Агут – Рублев жұбының жеңімпазымен кездесті.
Бұған дейін ол ширек финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы Янник Синнерді жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды
Келесі жаңалық
Ақтауда қатты желден жарық сөніп қалды