Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
09.05.2023 13:24
781
Қазгидрометтің синоптиктері алдағы үш тәулікке – Жеңіс күнінен бастап жұмыс аптасының соңына дейін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде және орталығында атмосфералық қысымның жоғарылауына қарамастан, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық ағымдар әсер етеді, ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.
Жеңіс күні атмосфералық қысым Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында жоғарылайды. Күн ашық болады, ауа температурасы көтеріледі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жапондарды жеңген Солтанбай ақсақал жүзге аяқ басты
Келесі жаңалық
Қазақстандық кикбоксшы Әлем кубогында қола жүлдегер атанды