Жаңалықтар

Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады

Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
Фото: © El.kz 24.11.2023 20:55 898

«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың батысы мен солтүстігіне қар мен бұрқасын әкелген атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Атлантикалық циклон орнына оңтүстік-батыстан антициклон келеді. Онымен жауын-шашын тоқтап, ауа температура қысқа мерзімге төмендейді. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда түнгі уақытта температура 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

Бірақ антициклон елімізде тұрақталмайды, себебі, батыстан Атлантика аудандарынан тағы бір циклон ығысады. Онымен күн райының құбылмалы сипаты тағы орнайды: мұзақ (жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі) мен қар түрінде жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ байқалады. Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы болжанады, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға