Жаңалықтар

Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Фото: ©El.kz 06.01.2025 18:11 465

Қазгидромет 7-9 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 қаңтардан бастап еліміздің басым бөлігіне мол ылғалды Оңтүстік-Каспий циклоны ықпал етеді. Осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады, кей уақыттарда қалың қар болжануда. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі.

8 қаңтарда түнде Батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары кіреді, бұл температураның күрт төмендеуіне алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 15-25°C дейін, ал оңтүстігінде

5-15°C дейін төмендейді. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында аяз 20-25°C дейін жетуі мүмкін.

Алайда 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайта көтеріледі: республиканың солтүстік бөлігінде 0-5°C аяз, ал оңтүстігінде 0-5°C жылы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында желдің күшеюі, көктайғақ және тұман болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға