Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: © Pixabay.com 27.07.2023 13:27 1353

Синоптиктер 27-29 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында өте қатты ыстық, яғни +40+43 градус аптап болады.

Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғады деп болжанды, - делінген хабарламада.

Биылғы жаз Қазақстанның көптеген өңірлеріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға