Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 02.12.2024 12:04 443

Қазгидромет 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальді бөлімдер қалыптастыратын болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды. Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға