Жаңалықтар

Алдағы күндері жауын-шашын күтіледі

Алдағы күндері жауын-шашын күтіледі
Фото: pixabay.com 12.02.2025 17:26 135

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. Кейбір өңірлерде қалың қар жауады деп күтіледі:

  • 14 ақпан – Қызылорда облысында;
  • 14-15 ақпан – Түркістан облысында;
  • 15 ақпан – Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында.

Күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, бұл көктайғаққа әкеледі деп болжанған. 

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі болжанып отыр.Температуралық фон тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға