Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz 24.03.2025 18:29 955

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында екі түрлі атмосфералық процесс белсенді болады. Антициклон солтүстік және орталық өңірлерге әсер етіп, бұл аймақтарда негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Ал циклонның ықпалына байланысты оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді. Шығыс аймақта боран соғуы мүмкін, ал кей жерлерде тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.

Түнгі уақытта ел аумағында температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы болжамы:

  • Батыс өңірлерде: түнде 0…-5°C, күндіз +10…+15°C.
  • Оңтүстік-батыста: түнде 0…+8°C, күндіз +8…+15°C.
  • Солтүстік-батыста: түнде -1…-12°C, күндіз +3…+12°C.
  •  Солтүстікте: түнде -7…-15°C-тан -3…-11°C-қа дейін көтеріледі, күндіз -3…+5°C-тен +3…+1°C-қа дейін өзгереді.
  • Орталықта: түнде -2…-17°C-тан 0…-10°C-қа дейін, күндіз -5…+7°C-тен +4…+12°C-қа дейін көтеріледі.
  • Шығыста: түнде -10…-18°C-тан -13…-25°C-қа дейін төмендейді, күндіз 0…-15°C-тан -5…+10°C-қа дейін өзгереді.
  • Оңтүстікте: түнде -5…+11°C-тан 0…-10°C-қа дейін төмендейді, күндіз +1…+13°C шамасында болады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жол сапарын жоспарлауда сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға