Алдағы күндері аптап ыстық болады

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
29.07.2024 15:27
496
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс антициклонының әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық сақталады, еліміздің оңтүстік-шығысында 1 тамызда жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
Бөлісу:
