Алдағы күндері 8 гардусқа дейін күн суытады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі. 5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 3 градус аяз, таулы аудандарда 8 аязға дейн, күндіз 0-7 жылы, таулы аудандарда 2 аяз дейін төмендеуі күтіледі.
