Алдағы күндері 40 градусқа дейін ыстық болады
Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
10.06.2024 16:15
492
Қазақстанда 11, 12 және 13 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь аймақтарда қалыптасады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда орталықта жаңбыр күтіледі.
Республиканың солтүстігінде күндізгі температура +20...+25 градус, шығыста және орталықта +22...+32 градустан +18...+26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте аптап ыстық +33...+40-тан +25...+35 градусқа дейін төмендейді, ал елдің батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа дейін көтеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды