Жаңалықтар

Алдағы күндері +35 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері +35 градусқа дейін ыстық болады
Фото: pixabay.com 01.04.2025 18:39 525
"Қазгидромет" синоптиктері сәуір айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, кей өңірлерде әлі де қар аралас жаңбыр жауады. Ал кейбір жерлерде + 32°С дейін жылиды.  

Сәуір айында ел аймақтары жылына бастайды.

Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында түнде жауын-шашын болады. Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, күндіз нөсер жауын, оңтүстік өңірлерде найзағай болады деп болжануда. Бұл ретте республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді. Ал түнде және таңертең тұман түседі, – делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Сәуір айында: 

  • елдің батысында түнде +8 +13°С-тан -3 +8°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +11 +16°С-қа дейін, оңтүстік-батыста күндіз ауа + 20 + 28°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -5 +5°С-тан +3 +8°С-қа дейін, күндіз +8 +13°С-тан +15 +22°С-қа дейін;
  • республиканың оңтүстігінде түнде +2 +10°С-тан +10 +15°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +25+ 30°С-қа дейін.
  • республиканың оңтүстік-шығысында түнде -5 +5°С-тан +7 +12°С-қа дейін, күндіз +12 +20°С-тан +18 +27°С-қа дейін жылынады.

Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады деп болжануда. Ал үшінші онкүндікте нөсер жаңбыр жауады.

Оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында күндіз ауа +23 +32°С дейін жылынады. Дегенмен +10 +18°С температуралық фондағы салқын күндер де болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға