Жаңалықтар

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады
Фото: Pixabay.com 07.03.2025 11:47 374

“Қазгидромет” синоптиктері 8, 9 және 10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың мәліметінше, көктем келгенімен, Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондардың ықпалы әлі де жалғасуда. Бұл солтүстікте қар мен боранды, оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашынды, ал бүкіл ел бойынша қатты желдің күшеюін тудырады.

9 наурыздан бастап батыстан антициклон ығысады. Ол Қазақстан аумағына қарай жылжыған сайын жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. 10 наурызда түнгі уақытта солтүстік өңірлерде 12-20 градус аяз күтіледі, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін “Қазгидромет” мамандары 2025 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы және жауын-шашынды болады. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде нормадан жоғары, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте нормаға сай болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға