Жаңалықтар

Алдағы демалыста күн жылына ма

Алдағы демалыста күн жылына ма
Фото: © El.kz 02.02.2024 15:49 2764

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады.

Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады. Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады.

Синоптиктердің айтуынша, республиканың оңтүстік облыстары ғана "антициклонның қорғауында әлі де болса, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады".

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға