Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
26.05.2023 12:16
815
Қазгидромет республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальді бөлімдердің ықпалында болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
27-29 мамырда еліміздің өңірлерінде ауа температурасы жоғарылайды: батыс өңірлерде 32-37 градус ыстық болса, солтүстік-батыста 35 градусқа дейін, солтүстікте 20-30 градусқа дейін, орталықта +28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 38 градусқа дейін ысиды.
Бөлісу:
