Жаңалықтар

Маңғыстауда табиғат тазалығын бақылау мақсатында дрон ұшырылды

Маңғыстауда табиғат тазалығын бақылау мақсатында дрон ұшырылды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 27.04.2025 22:18 273
Маңғыстау облысындағы Айрақты тауы аумағының тазалығын бақылау мақсатында дрон ұшырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, туристік маусымның басталуына байланысты Айрақты тауына келушілер саны артып келеді. Осыған орай, облыстық туризм басқармасы туристік аумақтың тазалығын бақылау мақсатында арнайы дрон көмегімен мониторинг жүргізді. 

Өңірлік туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевтың айтуынша, мониторинг барысында демалушылар қалдырған қоқыс көлемі анықталып, дрон арқылы түсірілген материалдар тиісті органдарға жолданатын болады.

Қазір Айрақты тауына келушілердің саны артты. Соған сәйкес, қоқыс көлемі де көбейіп отыр. Жақында ғана тазалық жұмыстары жүргізіліп, арнайы қоқыс жәшіктері орнатылды. Бүгін дрон арқылы мониторинг жасап,  қоқыс қалдырған азаматтарды бейнетіркеуге алдық. Енді бұл материалдар құзыретті органдарға жіберіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасады. Барша жерлестерді және облыс қонақтарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамын, — деді Ерсін Ибрашев.

Айта кетсек, өңірдің экологиялық тазалығын сақтау мақсатында «Маңғыстау жылу, су» мекемесі бірқатар іс-шараларды атқарды. Атап айтқанда, Айрақтыға - 5, Ақмышқа - 10, Самал демалыс аумағына -5 қоқыс контейнері қойылды. Демалушылар көбейетін демалыс күндері тазалықшыларды  кезекшілікке  шығару да қарастырылған.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға