Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі белгілі болды

Туризм және спорт министрлігі 17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17-24 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогі;
Сары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай.
17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең);
Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.
Өтетін орны: Монако княздігі.
19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты;
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея.
20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турнирі;
Бакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан.
20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты;
Бұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт.
20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионаты;
Жарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.
Өтетін орны: Петропавл қ.
20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионаты;
Бұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия.
21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур);
Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр
21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионаты.
Азия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.
Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.
