Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі белгілі болды
Туризм және спорт министрлігі 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 қаңтар – 3 ақпан аралығында Фристайл могулдан халықаралық жарыс өтеді. Оған Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.
27 қаңтар – 3 ақпан күндері Тау шаңғысынан халықаралық турнирде (FIS) 4 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.
27 қаңтар – 2 ақпан аралығында Пара шаңғыдан Әлем кубогі жоспарлануда. Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.
28 қаңтар – 6 ақпан: Семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер) өтеді. Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.
Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.
30 қаңтар – 4 ақпан күндері шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогі өтеді деп күтілуде. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Польша, Щирк қ.
1 ақпан – 10 ақпан: Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.
1 – 3 ақпан аралығында Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты ұйымдастырылады. Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).
Өтетін орны: Алматы қ.