Жаңалықтар

Алдағы аптада ел спортшылары қандай жарыста бақ сынайды?

Алдағы аптада ел спортшылары қандай жарыста бақ сынайды?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 30.03.2025 18:50 496
31 наурыз – 6 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
 
31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы.

1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі
Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.

1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі
Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Астана қаласы.

1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі
Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.

1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі
Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.

3-7 сәуір: Таэквондодан Сербия ашық чемпионаты
Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады.
Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.

5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты
Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.

5-6 сәуір: Пара таэквондодан Қазақстан кубогі
Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.

5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі
Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға