Алдағы үш күнде аптап ыстық болады
Маусым айында еліміздің басым бөлігінде 40°С аптап ыстық болады.
«Қазгидромет» РМК 23-25 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz
Алдағы үш тәулікте елдің басым аумағында солтүстік циклон жырасының өтуімен құбылмалы күн райы сақталады – найзағай, жаңбыр, дауыл күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал.
23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.
23 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде, 23-25 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.
24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 25 маусымда Түркістан облысының далалы жерлерінде 45 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін ыстық болады.
