Жаңалықтар

Албания мен Қазақстан президенттері екіжақты келіссөздер жүргізді

Албания мен Қазақстан президенттері екіжақты келіссөздер жүргізді
Фото: Akorda.kz 07.09.2023 12:16 1027

Албания мен Қазақстан президенттері Ақордада екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Екіжақты сауда 1995 жылы басталып, тауар айналымы 18 мың АҚШ долларына жеткен. Қазақстан мен Албания арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусымда 267,5 мың АҚШ долларын құрады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Албания ірі сауда орындарының қатарына кірмейді. Қазақстаннан Албанияға экспорттың негізгі тауарлары қозғалтқыштар мен өзге де күштік қондырғылар – 4,2 мың АҚШ доллары (64,5% үлесімен), тері күтіміне арналған косметика, сәндік косметика – 1,8 мың АҚШ доллары (27,5%), инсектицидтер, гербицидтер – 0,5 мың АҚШ доллары (8,1%).

Албаниядан Қазақстанға импорт 2023 жылғы қаңтар-маусымда 58,2% өсіп, 260,7 мың долларды құрады.

Қазақстан табиғи газды экспорттайды және негізінен Албаниядан киім мен аяқ киімді импорттайды (жалпы көлемнің 96%). Осылайша екі мемлекеттің сауда үрдістері қазақстандық экспортқа, атап айтқанда, табиғи газ экспортына байланысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға