Жаңалықтар

Алаяқтық жасаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Алаяқтық жасаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 31.03.2025 09:56 321

Бас прокуратура Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура дерегінше, аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған, - делінген мәліметте.

Былтырғы қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды.
Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға