Алаяқтық жасаған ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
21.12.2024 09:15
132
20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады.
Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жамбы атудан жыл үздіктері марапатталды