Жаңалықтар

Алаяқтық жасады деген генерал-майор Біләловтың тергеуі аяқталды

Алаяқтық жасады деген генерал-майор Біләловтың тергеуі аяқталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 29.05.2023 12:30 848

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 миллион теңгені иеленген полиция генерал-майоры Берік Біләловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілген.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деп ескертеді антикор.

Айта кетейік,  генерал-майор Берік Біләлов биылғы ақпанның соңында ұсталды.  59 жастағы Біләлов СҚО ҚАЖД басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалғанға дейін, яғни 2014 жылдан 2019 жылға дейін СҚО Полиция департаментінің бастығы, ал 2019 жылы сәуірден қазанға дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға