Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
17.03.2024 14:48
1058
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, тұрғындарды үлкен сомаға сан соқтырып кеткен. Қазіргі таңда полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.
Күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
- Зейнеткер әжейдің 100 млн теңгесін ұрлап кеткендер аяқ іздері арқылы табылды
- Әскери билетті сатып алмақ болған астаналық оңбай алданды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты