Жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандықтардан 130 млн теңгеден астам ақша алған

Алаяқтар қазақстандықтардан 130 млн теңгеден астам ақша алған
Фото: © Polisia.kz 30.06.2023 08:37 823

Қарағанды облысында зейнеткерлерді сан соқтырған жалдамалы «курьерлер» көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, мамыр, маусым айларының ішінде полицияға алаяқтарға алданып қалған зейнеткерлердің арыз шағымы күрт өскен.

Күдіктілер егде жастағы адамдарға хабарласып, туысқандары жол-көлік оқиғасына себеп болғанын айтып, оларды жауапкершіліктен құтқару үшін ақша төлеуді талап еткен. Мұндай әрекет арқылы жәбірленушілерге 130 миллионнан астам шығын келген.

Қылмыстық істің негізінде еліміздің алты қаласынан 30-дан астам адам ұсталып, оның алтауы қамауға алынды. Алаяқтардың көмекшілерінің арасында «Яндекс такси» жүргізушілері, тамақ жеткізушілер, жоғары оқу орындарының студенттері, кәмелеттік жасқа толмағандар және басқа да азаматтар бар. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға