Алаяқтар премьер-министр мен министрлердің атынан жалған ақпарат таратуда
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
10.04.2024 22:02
763
Мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, мұны алаяқтар жасап отыр.
Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға