Жаңалықтар

Алаяқтар Антикор басшысының атынан жалған ақпарат таратуда

Алаяқтар Антикор басшысының атынан жалған ақпарат таратуда
Фото: Антикор 13.04.2024 15:37 718

Алаяқтар мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.

Агенттік осындай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға