Жаңалықтар

Алаяқтар Антикор басшылығы атынан хабарламалар таратуда

Алаяқтар Антикор басшылығы атынан хабарламалар таратуда
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.08.2024 11:28 389

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, - делінген Антикор таратқан мәліметте.

Ведомство мұндай қоңыраулар мен таратулар түскен жағдайда, бұл туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға