Жаңалықтар

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат таратуда

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат таратуда
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 26.08.2024 13:20 425

Мәдениет және ақпарат министрлігі министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға