Жаңалықтар

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама жіберіп жатыр

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама жіберіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 01.07.2024 05:11 649

Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлайды. Ведомство мәліметінше, бұл алаяқтардың ісі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді, - делінген мәліметте.

Министрлік абай болуды, хатқа жауап бермеуді сұрайды және мұндай хабарламалар алған адамдарға келген хатты елемеуге, хатқа жауап бермеуге, сонымен қатар алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға