Жаңалықтар

Алаяқтық жасаған жалған генерал 7 жылға сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді
Алаяқтық жасаған жалған генерал 7 жылға сотталды
Фото: egemen.kz 22.07.2022 10:07 2528

Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Осы жылы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – делінген Антикор хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға