Жаңалықтар

Алаяқтар күзет фирмасынан 1 млн доллар талап еткен

Фото: Egemen.kz
Алаяқтар күзет фирмасынан 1 млн доллар талап еткен
07.06.2022 14:45 47755

Күзет фирмасының басшылығын бопсалап, 1 млн доллар пара алмақ болған алаяқтар қолға түсті, деп хабарлайды El.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі. Алаяқтар фирма өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға