Жаңалықтар

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Сапа стандарттарына сай «Үздік инфрақұрылым» атағына ие болған Алау мұз айдыны сарайы туралы мақала
27.05.2015 10:09 14668

Арқа төсі Астанада «Алау» мұз айдынының бой көтеруі елорда тұрғындары үшін демалыс күндері уақыттарын тиімді өткізетін мәдени демалыс нысанына айналды. Әсіресе өскелең ұрпақтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ешбір ақысыз негізде үйірмелерге қатысуға жол ашып берді.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

«Алау» – әлемдік сапа стандарттарына сай салынған, «жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған мұз айдыны. Мұз сарайы 8 000 орынға лайықталған. Ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұрады.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан   

«Алау» мұзайдыны сарайы мұз ахуалын және климатын бақылау тұрғысынан алғанда өте жақсы жабдықталған.Мұз температурасының қалыпты сақталып тұратынына байланысты орындықтарға жайғасқан көрермендер өздерін   жайлы сезіне алады. Сапа талаптарына сай мінбеден бірнеше метр қашықтықта орналасқан мұзайдында мүлдем өзгеше микроклимат орын алады. Сарайдың жылы қабырғасы көрермендердің аяқ киімдері мен сыртқы киімдері арқылы ілесіп келетін шаңдардың белгілі бір бөлшегін өзіне сіңіреді. Сырт көзге ерсі естілгенмен, шаңның мұзға келтірер зияны көп, сол себепті арнайы жасалса керек.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Мұз айдынында коньки тебу спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, керлинг, хоккей секілді спорт түрлерінен спорт жарыстары өткізіліп,  жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. «Алау» мұзайдыны сарайы әлемдегі коньки тебу стадиондарының ішінде 17-ші орында тұр. «AD Sportwereld» голландиялық басылымының нұсқасы бойынша «Алау» мұз айдынды сарайы ғаламшардағы коньки тебу стадиондары рейтингінде бірінші орынды  иеленеді.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Мұз сарайының жұмысы 2010 жылы сынақ түрінде өткен жарыстардан бастау алды. 2011 жылы 30 қаңтардан 6 ақпан аралығында өткен VІІ қысқы Азия ойындары«Алауда» өтті. Мұз айдынында 9 мәрте  рекорд жасалған.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

«Алау» мұз айдыны осыдан бірнеше жыл бұрын Ленинградта өткен Тау шаңғысы индустриясының  конгресі мен Мұз айдыны күндерінде «Үздік инфрақұрылым» аталымына  ие болды. Конгрес  жұмысына ТМД елдеріндегі қысқы спорт ойын түрлерінің федерациялары, шаңғы кешендері, шаңғы-биатлон стадиондары, трамплин, мұз айдын кешендері басшылары, сондай-ақ, танымал спорттық құрал-жабдықтар маркаларының өкілдері қатысқан болатын.  Басқосу барысында қысқы спорт ойындарының жетістіктерімен қатар ірі мұз айдындарын тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Еліміздегі «Медеу» айдыны  «Ең үздік ашық мұз айдыны» ретінде танылса, Астанадағы «Алау» мұзайдын сарайы «Үздік инфрақұрылым» аталды.

Қазіргі таңда «Алау» мұз айдынында бірнеше коньки спортының үйірмелері жұмыс істейді.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Азамат Сұлтанәлиев, жаттықтырушы

Спорт сарайында мәнерлеп сырғанау, хоккей, коньки тебу, шорт-трек түрлері бойынша үйірмелер бар. Жас спортшыларды 7-8 жастан бастап қабылдаймыз. Үйірмеге жазылу ақысыз жүзеге асады. Балаларды жаттықтыру бойынша жазғы маусым басталды. Қыс айлары аяқталса да үйірмеге қатысушы балалардың жаттығуы жалғаса береді. Балалар конькилерін роликке алмастырып, өзге де тәсілдерді меңгереді. Спорт сарайында ролик тебуге арналған арнайы жолақтар бар. Бұдан өзге қатысушылар жазғы маусымда футбол ойнап, бассейнде жүзу арқылы шынығады. Жыл сайын балаларды тамызда Бурабайға лагерге апарамыз.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Мұндағы мамандардың пікірінше, бүгінгі таңда бүлдірішіндердің спортқа деген қызығушылығы өте жоғары. Олардың айтуынша, жаттықтырушылар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астана қаласының орта мектептерін аралап, үгіт жұмыстарын жүргізеді. Үйірмеге келушілерді 7 жастан бастап қабылдайды. Талап бойынша олар жарыстарға тек 9 жастан бастап қатысады.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Назгүл Мұхамеджанова, шорт-трек үйірмесіне қатысушы

Шорт-трек бойынша үйірмеге қатысамын. Маған осы спорт түрі өте ұнайды. Мектепте үздік оқушымын. Оқу үлгерімімен қатар спортпен шұғылдану маған күш-жігер береді. Болашақта Қазақстанның атын әлемге танытатын спортшы болуды армандаймын.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

«Алау» мұз айдынында бірнеше мұз алаңдары бар екенін ескерсек, қазіргі таңда мұз сарайының жүрегі іспеттес үлкен мұз алаңы әлі де жұмыс істеп тұрғанын айта кеткеніміз жөн. Сырғанаққа қызығатындар болса жаппай сырғанау акциясына қатысуға әлі де мүмкіндіктері бар. Үлкендер интернетке телміріп, балалар атыс-шабыс ойындарына уақытын зая кетіргенше, мұз айдынына барса демалыс ұтымды әрі пайдалы болары анық.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Қызықты мәліметтер

Коньки тебу спорты– мұзайдыны стадионында 400 метрлік тұйықталған шеңбер бойынша белгілі бір қашықтықты мейілінше жылдам бағындыру қажеттілігі бар  спорт түрі. Жылдамдыққа жүгіргенде арнайы жүгіру конькилері қолданылады.

Коньки тебу спорты – бұрыннан келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Археологтардың зерттеуі бойынша ең  көне конькилер бұдан 3200 жыл бұрын Солтүстік Қара теңіз жағалауында өмір сүрген көшпенді тайпа – кимерийлерге тән. Ең бірінші ресми тіркелген жарыстар Ұлыбританияда, 1763 жылы қаңтар айында өткізілді. Спорт түрі ретінде конькимен жылдамдыққа жүгіру  ХІХ ғасырдың екінші жартысында дами түсті.

Коньки тебушілердің халықаралық одағы ISU – ИСУ, 1892 жылы  құрылған және 60-тан астам ұлттық федерацияларды біріктіреді.

Ал 1889 жылы Амстердам, Нидерландыда коньки тебушілер арасында бірінші әлем чемпионаты болды. Коньки тебушілердің халықаралық одағы бұл жарыстарды кәсіби деп жариялап, 1893 жылы Амстердамда еркектер арасында бірінші ресми әлем чемпионатын өткізді. Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары 1936 жылдан бастап өткізіледі. 500-1000 м қысқа қашықтықтағы көп сатылы жарыстардың әлем чемпионаттары 1972 жылдан бастап жүргізіледі.

Қысқы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына ерлер арасында конькимен жылдамдыққа жүгіру спорты 1924 жылдан бастап енгізілді, ал әйелдер арасындағы жарыстар 1960 жылдан бастап өткізіледі.

Қазақстандағы коньки тебу спортының даму тарихы 1931 жылдан,  сол уақытта  Қарағанды, Көкшетау және Ақмола облыстарын біріктірген облыс орталығы – Петропавлда спорт құрылыс кешені бар  «Динамо» стадионы салынған кезде басталды.

Коньки тебу спортының дамуы Алматы қаласында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан «Медеу» спорт кешенінің құрылысымен жаңа деңгейге көтерілді.Медеу қысқы спорт түрлері үшін әлемдегі кешендердің ішіндегі  ең биікшыңдысы болып қала береді. Биік шыңының және мұзға құюға арналған мөлдір таза суының арқасында бұнда ерлер мен әйелдер арсында барлық қашықтықта 200-ден астам әлем рекордтары бекітілді. Алматылық айдын ұзақ уақыт бойы «рекордтар фабрикасы» статусына ие болды.

Бүгінгі күні бұл статусқа Астанада орналасқан «Алау» мұзайдыны сарайы үміткер болып  табылады. Жаңа коньки тебу стадионы барлық халықаралық стандарттарға жауап береді және ресми жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін өте қолайлы. 2011 жылдан бастап «Алау» МС коньки тебу спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарының ішкі жарыстары өткізіледі. Бүгінгі күні мұзайдыны сарайында коньки тебу спорты бойынша ұлттық құрама жиындары өткізіледі және жас жеткіншектер мен ардагерлер жаттығады.

«Алау» мұз айдыны «рекордтар фабрикасына» үміткер нысан

Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға