Жаңалықтар

Алаш тас жолындағы көпір ішінара жабылады

Алаш тас жолындағы көпір ішінара жабылады
Фото: gov.kz 12.01.2023 18:44 865

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 13 қаңтардан бастап Алаш тас жолында Уәлиханов көшесі жағындағы (сол жағы) көпірдің жабылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Алаш тас жолындағы көпір апатты деп танылған болатын. Осыған байланысты оның оң жағы жөнделіп, қозғалыс 2022 жылдың жазында ашылған.

Ал жөнделмеген сол жақ тұсында асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы пайда болды.

Осыған байланысты биыл 13 қаңтардан бастап техникалық тексеру жүргізу үшін жол өтпесінің сол жағында көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Қозғалыс көпірдің тек оң жақ бөлігімен ғана әрі екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туғызбас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға