Жаңалықтар

Аласа бойлы жігіттің сүйіктісіне ұсыныс жасағаны желіні шулатты

Аласа бойлы жігіттің сүйіктісіне ұсыныс жасағаны желіні шулатты
Фото: Видеодан кадр 16.08.2023 16:10 2237

Әлеуметтік желіде аласа бойлы жігіттің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, жүзігін таққаны талқыға түсті. Желі қолданушылары қызды тек байлық үшін тұрмысқа шығып жатқанын жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Видеоны көрген желі қолданушылары бейнежазба астына түрлі пікір қалдырды. Олардың басым бөлігі ерекше жұптың махаббатына сенбейтінін жазды.

"Бай шығар. Басқа ешқандай себеп көріп тұрғаным жоқ", "Қыз осындай жағдайда болса, жігіттер қарамас еді", "Қызға обал болды", "Бұл махаббат емес", – деп жазды желідегілер.

Бейнежазбаны желіге жүктеген күйеу жігіттің әпкесі Аяжан Айдарқұлова мәселенің мән-жайын айтып, екі жастың арасындағы сезім шынайы махаббат екенін атап өтті.

Баршаңызға қайырлы күн! Мен інімнің үйленіп жатқан сәтінен бірнеше видео жүктеп едім, жағымсыз пікірлерден көз аша алмай қалдым. Жас жұбайларға бақыт тілеп жатқан жандарға рахмет. Сіздерге барлығын түсіндіргім келіп, видео түсірдім. Інілерімнің жасы 23, 24-те. Желідегілер інім мен келінім жайлы “Жасы қырықта, шал ғой, жігіт бай, бай болған соң қыз тиіп жатыр” деп түрлі пікір жазып жатыр. Қыздың жағдайы бізден жақсы. Қыз адал, пәк. Оның иманы болғандықтан, інімді бақытты етемін деп тұрмысқа шықты. “Шетелдікке тұрмысқа шыққанша қазаққа тимейсің бе?” деп айтатындар бар. Менің бауырым – қазақ. Мен бауырларымнан ұялмаймын. Оның бойы аласа болғаны болмаса, бауырым жүре алады. Олар сіздер көрмеген, жүрмеген жолмен жүрген. Менің бауырым – ел аралап, ем іздеп, әлем бойынша осы дертіне шипа тапқан үшінші адам. Келінім ақша үшін ініме үйленген жоқ, бұл –махаббат. Мен бауырымды мүсәпір көрмеймін. Оның қыздарды шертіп тұрып таңдайтын жағдайы бар, – деп жазды Аяжан Айдарқұлова.

@ayazhan.aidarkulova #ешкімге #ұқсамайсың #сен #маған #керексің ♬ Ешкімге ұқсамайсың - ALHAM

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға