Алан Құрманғалиев Франциядағы турнирде топ жарды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
14.04.2025 10:44
415
Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.
Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) — 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) — 3:0, Ма Ёнминді (Корея) — 3:1, Флавио Мурьені (Франция) — 3:2, Ли Сынсуды (Корея) — 3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) — 3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) — 3:1 есебімен жеңді.
Бөлісу:
