Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
15.01.2025 04:25
860
Жетісу облысы Алакөл ауданында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға «Үшарал-Достық» тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікке көмекке келді. Оның ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды