Жаңалықтар

АЛҒЫС КҮНІ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨҢІЛІ

АЛҒЫС КҮНІ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨҢІЛІ
01.03.2018 10:10 2776

1 наурыз - «Алғыс айту» күні. Бұл күнді де  Атырау облысы ҚХА жанындағы «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Мурадов жадынан шығарған емес.

Айталық, түскі ас уақытында Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды  бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан 16 балаға  әдеттегідей қайырымдылық асын ұйымдастырды.

 

«Ахыска» төрағасы А.Мурадов - «Қазіргі заманға сай, ашылып жатқан аспазханалардың бірі – «Vigas PRO» дәмханасына   шақыруға жөн санадым, қамкөңілді балаларды бір сәтке болсада қуанту, мейірімділігімді таныту, мен үшін үлкен міндет», — деді.

 

Дастархан басында жоғарыда аталған мекеменің тәрбиеленушілері, күнделікті астан, өзгеше  ас ұсынған ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, рахметтерін  жаудырды.

 

Алғыс айту күні ұйымдастырылатын  игі жұмыстардың бірі бұл- қамқор болу,  қамкөңіл жандарға  қолдау көрсету.

 

Осы ретте бүгінгі күні қамкөңіл жандардың  қамқоршысына айналған  А.Мұрадов балаларға көктем шуағындай шырай танытып, жарқын болашақтың кемеңгері болыңдар деген тілегін білдірді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға