«Әл-Наср» футболшысы Роналдумен не жайлы әңгімелесетінін айтты

Фото: onzemondial.com
Фото: onzemondial.com
16.08.2023 07:03
1294
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жартылай шабуылшысы Секо Фофана жұлдызды әріптесі Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол (Роналду) өте қарапайым. Кешкілік уақытта әртүрлі тақырыпта әңгіме қозғаймыз: тамақтану, бизнес, өмір туралы. Криштианумен сөйлесіп отырудың өзі қандай ғанибет деп ойлаймын. Осындай ата-дәрежесі бар спортшының бізбен ақылдасатынына, құлақ асатынына таңғалдық. Оның қалай жұмыс істейтінін көргендіктен, 38 жасында бабын жоғалтпауының себебін түсіндік. Бес «Алтын допты» ала тұра өз-өзіне осындай талаппен қарау шынымен де мақтауға тұрарлық. Ол өзін жайсыз сезініп тұрса да жаттығудан қол үзбейді, – деді Секо.
Секоның өзі Сауд Арабиясының клубына осы жазда «Ланс» сапынан ауысып келді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қай өңірлерде өндіріс көлемі төмендегені анықталды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды