«Әл-Наср» бапкері Роналду алаңда қандай ойыншы екенін айтты
Фото: instagram.com/cristiano
Фото: instagram.com/cristiano
23.08.2023 18:39
1184
«Әл-Наср» клубының бапкері Луиш Каштру португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдумен жұмыс істеу қалай екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маман футболшының кәсібилігіне тоқталып, 38 жастағы шабуылшының клуб жұмысына қосқан үлесі жайлы сөз қозғады.
Роналду туралы әлем білмейтін ерекше дерек айту қиын. Ол күнделікті жаттығу жұмыстарына өте көп уақыт жұмсайды. Оның командалас әріптестеріне беретін энергиясы да сұмдық. Күнделікті жаттығуы, қалыпқа келуі – ғажап. Ол әр күнін өзі қалағандай етіп өткізетін нағыз капитан. Тамақтануы, ұйқы режимі, өз денесін толықтай басқаруы керемет. Алаңда ол ерекше ойыншы. Оның өз шегінен де асып кете алатын қабілеті бар, - деді бапкер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті