Актриса үйлену тойының алдында суға батып кетті
24 жастағы ресейлік актриса Камилла Беляцкая Таиландтағы Самуи аралында суға батып кетті. Йогамен айналысып жатқан актрисаны теңіз толқыны шайып кеткен. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бойжеткен бірнеше күннен соң өтетін үйлену тойына дайындалып жүрген.
Камилла Самуиге болашақ жарымен бірге барып, тойды сол аралда өткізуді жоспарланған. Жұп тіпті той алдындағы фотосессияны да жасап үлгерген.
Ал қайғылы оқиға болатын күні Камилла Lad Ko Viewpoint алаңына барған. Бұл актрисаның сүйікті орны екен. Көлігінен йогаға арналған кілемшесін алып, толқындардың жанында жаттығып жатқан. Кенеттен алып толқын бойжеткенді суға алып кетті. Бұл сәт видеоға да түсіп қалыпты. Кадрдан оның жартастардың үстінде айналасына қарап отырғанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құтқарушылар оқиға орнына 15 минуттан соң жеткенімен, оны таба алмаған. Судан бойжеткеннің кілемшесі ғана анықталды.
Іздеу жұмыстары күні бойы жалғасып, түнде ғана тоқтатылған. Екінші күні қайта жалғасқан. Алайда актрисаның денесі араға екі күн салып қана табылды.
Куәгерлер оны құтқармақ та болыпты, тіпті солардың бірі суға секірген, әзірге оның тағдыры белгісіз.