Жаңалықтар

Актриса Дариға Бадықова елдің алдында ыңғайсыз жағдайға қалды

Актриса Дариға Бадықова елдің алдында ыңғайсыз жағдайға қалды
Фото: Видеодан кадр 09.01.2024 12:15 59130

Актриса Дариға Бадықованың ақтаулық жанкүйерлері шашынан тартып, жұлып ала жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай «Таптым-ау сені» фильмінен кейін халықтың сүйіктісіне айналып үлгерді. Өнер адамдары тойларда ән айтқан соң, халықтың қысымына тап болып жатыр.

Әлеуметтік желіде Ақтауда болған оқиғаның видеосы таралды. Тыңдармандары актриса Дариға Бадықованың шашынан тартып, суретке түсуге мәжбүрлеген.

Желі қолданушылары да пікірін білдіріп жатыр.

"Қайдағы бір Буракқа таласқанша, өзіміздің адамдарға таласыңдар", "Бізге Қайрат Нұртас келгенде, қыздар бетін тырнап алған еді", "Олжас болмаса Дариғаны таптап кетейін деп тұр", - деп жазып жатыр.

Айта кетейік, өнер иелерінің Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға